• Басты бет
  • /
  • "Поэзия және музыка-нағыз таланттың ішкі оты" әдеби фестивалі
"Поэзия және музыка-нағыз таланттың ішкі оты" әдеби фестивалі

Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейі базасында өткен «Поэзия және музыка - нағыз таланттың ішкі шырағы» әдеби фестивалі әдебиет саласындағы екі айтулы күнге орайластырылды. Биыл әйгілі ақындардың екі мерейтойы атап өтіледі: А.А.Ахматованың туғанына 135 жыл және Б.Ш.Окуджаваның 100 жыл толуы.
Аталған іс-шараға біздің мектептің өкілдері қатысты. Құрамында үш сегізінші сынып оқушысы бар вокалдық топ: Коханец Татьяна, Шалапина Алена және Горобец Екатерина Б.Окуджаваның «Виноградная косточка» («Грузинская песня») әнін орындап, 2-орынды иеленді. Алғыс хатты топ жетекшісі Бондарь Р.Р. алды.